Кештетіп жеткен қола медаль
28.10.2016, 09:04

Кештетіп жеткен қола медаль

Қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды stan.kz.

Спортшыларымыздың кейбірі медальдарынан айырылып жатса, енді бір спортшымызға жеңіс кештетіп жетіпті.

2012 жылғы Олимпиадада Нұрмұхамбетова 69 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды. Бүгін ХОК 3-ші және 4-ші орын алған екі белоруссиялық штангашы – Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновец допинг сынаманың оң нәтижесіне байланысты шеттетті. Осылайша қола медаль қазақстандық спортшыға бұйырды.

Осыған дейін қарсыластарының допинг пайдаланғаны үшін қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың қола медаліне ие болды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер