ойын

Показать содержимое по тегу: ойын

Қырғыз елі осымен екінші мәрте көшпелі халықтың көне дәстүрін дәріптеушілерді қарсы алмақ, деп хабарлайды khabar.kz.

Бүгін Шолпан-Ата қаласында басталатын Көшпенділердің екінші дүниежүзілік ойындарына әлемнің 53 мемлекетінен мыңға тарта спортшы қатысады деп күтілуде. 

Олар 23 ойын түрі бойынша бақ сынамақ. Қазақстан намысын 75 спортшы қорғайды. Жарыс қыркүйектің 8-іне дейін жалғасады. Айта кетейік, 2014 жылы өткен алғашқы ойындарда Қазақстан жалпы командалық есепте 2-ші орын алған болатын. Ал 2018 жылы Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Түркияда өтпек. 

Опубликовано в Ұлттық спорт

1. Норвегия ұлттық құрамасы, Бразилия құрамасымен ойнап жеңілмеген жалғыз команда. Аталмыш екі команда өзара төрт рет кездескен. Норвегия құрамасы екі рет жеңіп, екі рет тең түскен.


2. 2010 жылы Барселона клубы Qatar Foundation ұжымымен демеушілік келісім шартқа отырды. Бұл шарт бойынша Барселона клубы Араб елдерінде сатылатын өзінің футболкаларындағы логтиптерді өзгерту керек еді.  Логотиптегі мұсылмандардың сенімдеріне қайшы келетін крест белгісін өзгерту керек болатын. Барселона клубы бұл шартпен келісті және логотиптегі горизонталь жатқан қызыл сызықшаны алып тастады.


3. 1998 жылы Конго Демократиялық Республикасында болған матчта, алаңға найзағай түседі. Нәтижесінде қонақ болып келген команданың 11 футболшысы өледі, жанкүйерлерден 30 шақты адам күйік жарақатын алады. Бір қызығы – алаң иелерінің 11 ойыншысына ешнәрсе болмайды.

 

4. Англия чемпионаты тарихы бойынша "ойнап жүріп жаттықтырған" ең жас жаттықтырушы әлі күнге дейін Айвор Бродис (Ivor Broadis)  болып табылады. 1946 жылы ол Карлайл Юнайтед командасын жаттықтыра бастады, ол кезде оның жасы небәрі жиырма үште еді. Содан үш жылдан кейін ол өзін Сандерленд командасына 18 мың фунтқа сатты, ол кезде бұл сумма ірі болатын.


5. Гуус Хиддинк өзінің бапкерлік кәсібін «Де Графсхап» командасында бастады. Сол командада 3 жыл жұмыс атқарғаннан кейін, ол өзінің кәсібін ПСВ (Philips Sport Vereniging, PSV) командасында жалғастырды. ПСВ командасында өткізген 1 жылдан кейін, «Де Графсхап» командасының жанкүйерлері өз қалталарынан 40 мың гульден жинап, Гуус Хиддинкті қайта «Де Графсхап» командасына алдыртты.


6. Гондурас құрамасының Сальвадор құрамасынан жеңілуі, аталмыш екі елдің арасында 6 күндік қақтығыстар туғызды.


7. Футбол тарихында төрешілердің өз өздеріне қызыл қағаз көрсеткен уақиғалары да болған. “Питерборо Норт Энд” – “Роял Мэйл” матчында төрелік еткен Энди Уэйн өз өзіне қызыл қағаз көрсеткен. Ол матчта қақпашымен кезекті рет ерегісіп қалып, жағдайды ушықтырмас үшін өз-өзіне қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан кете барған.  “Саутгемптон Армс” және “Херстборн Таррант Бритиш Легион” командалары арасындағы матчты төрелік еткен Мелвин Силвестр, бір футболшымен ерегісіп, оны ұрып, содан кейін өзіне қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуылған.

 

© bilim-all.kz

Опубликовано в Футбол

Футболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогының финалында Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары кездесті, деп хабарлайды kff.kz.

Опубликовано в Футбол

Ағылшын футболының жарық жұлдызы, кезінде испандық Реал Мадрид және ағылшын клубтары Ливерпуль, Ньюкасл Юнайтед, Манчестер Юнайтедтің сапында жасындай жарқылдаған М.Оуен әлемдік аяқдоп тарихында өшпестей қолтаңбасын қалдырған спортшы. Дәл осы Майкл сияқты 16 жасында үлкен футболдың даңғаза дарбазасын теуіп кірген аяқдопшы аз. Ливерпульда өнер көрсеткен жылдары (1996-2004)  ол 297 дүркін алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 158 дүркін гол соққан сойқан.

Опубликовано в Футбол

Астанада Қазақстан Президентінің кубогы үшін VІІ халықаралық турнир өтіп жатқанда оқыс оқиға орын алды. 

Опубликовано в Self Made
Страница 2 из 3

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер