баға

Показать содержимое по тегу: баға

Елімізде қаңтардан бастап теміржол билеттері қымбаттайды, деп хабарлайды КТК.

Опубликовано в Нетократия

Қазақстанда баспананың қайталама нарығында пәтер құнының төмендеу қарқыны бәсеңдегені байқалады. Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды Homsters.kz PR қызметі.

Опубликовано в Жылжымайтын мүлік

Бүгін ОКҚ-ғы журналистер арасындағы өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының барысы туралы қоғамдық комиссияның брифингінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын айтты, деп хабарлайды silteme.kz.

Опубликовано в Бизнес

Еліміздегі krysha.kz жылжыматын мүлік сату порталы Астана мен Алматыдағы ең қымбат тұрғын үйлердің рейтингісін жасады. Ең қымбат үйлердің Астанада болғанымен, элиталық виллалардың саны жағынан Алматы қаласы озық шықты, деп жазады stan.kz.

Астана орталығында орналасқан 12 бөлмелі, 10 көлік тұрағы бар саяжай ең қымбат объекті деп танылды. Мың шаршы метр болатын сарайдың құны 4,8 миллиард теңге немесе 13,5 млн доллар тұрады.

b699a0ae1e807c435aee53e8e287898a

b3f96e098abc9ba153258d6aba02bcef

7e95fff4d77f06b978b043bc324a1cc8

559f7396b392dd31f165a07f7d302669

ad785920ef009d7330b3a69f0af41845

Елордалық элита үйлердің иелері терезенің витражды, еденнің піл сүйегінен және мәрмәр тастан болғанын қалайды. Ал, алматылықтар жеке сейф бөлмелер мен жерасты ванналарын, аула бассейндерін жасауға құмар. Онымен қатар жер аумағы 1 гектарға жететін жағдайлар жиі кездеседі.

2a8d3edbfb6779507fdcaaf471560c31

1ba96d9e0d1167cc18d4394bfe4eb397

84b75462c1e00697888d5553c99a530f

c868b91af79a84a201233db55060d90a

c33028dbed32642a75d86dceccd4a335

Алматыдағы жылжымайтын мүлік рейтінгісінде құны 3,7 миллиард теңге тұратын 30 бөлмелі саяжай аталды. Ол қаланың Каменское плато аймағында орналасқан. Кең аумақты қамтып жатқан саяжайдың ауласында үлкен футбол алаңы да бар. Сонымен қатар 2,8 миллиард теңге тұратын «ақылды» үй де қымбат саяжайлардың бірі саналады. 7 бөлмелі стильді коттедж Майамидегі бунгалоларды еске түсіреді. Мұнда жеке кинотеатр мен қыздырылған байссейн бар.

Опубликовано в Жылжымайтын мүлік

Жарнама мен делдалдың көмегімен екінші деңгейлі нарықтан бағасы қолайлы пәтер таптыңыз делік. Сатушымен келісіп, үйді көруге бармақсыз. Ең алдымен не нәрсеге мән беру қажет? Жаңа пәтерді мынадай 5 критерий бойынша тексеріп көрсеңіз болады.

Критерий Мәселелер Нені тексерген дұрыс?
Қабат Бірінші қабатта — жертөленің дымқылдығы, көшеден келетін иіс пен шуды бақылап, ұрылардан сақтану шараларын жоспарлау керек. Жертөлені, үй тұрған ауданды, үй ауласының тазалығын тексеріңіз.
Ең жоғарғы қабатта — шатырдан су ағуы мүмкін Шатырды қашан соңғы рет жөндеуден өткізгенін сұраңыз. Қабырғаларды қарап көріңіз, егер шатырдан жиі су ағатын болса дымқыл не судың ізі тұрады.

Су ағызып көріңіз — жоғарғы қабаттарда әдетте су ақырын ағады, не ыстық су жетпей, тек мұздай су ағады.

Жарық Оңтүстік Жылы жақ. Бөлме гүлдеріңіз бен аквариумыңыз болса тұруға ыңғайлы.
Солтүстік Егер бөлме ішіндегі әлсіз қараңғылықты ұнатсаңыз қолайлы.
Батыс-шығыс Таңертең және кешке күн барлық пәтерді жарықтандырып тұрады.
Қабаттағы пәтерлер саны Төртеуден көп болғаны жаман Шулы әрі тар болғандықтан, көршілермен сыйысып өмір сүруге тура келеді.
Қабырға мен лифт Қабырға мен лифт шахтасы жалғасып кеткені жаман Лифттің жүргені пәтерге қалай әсер ететінін тексеріңіз, себебі кейде даусы қатты шығып, тыныштық бермеуі мүмкін.
Көршілер Көп болғаны жаман Көршілер көп болған сайын пәтер шулы бола түседі. Мүмкіндік болса, қабырғалас, я қабаттас көршілердің шарапқа құмарлары бар-жоғын бақылаңыз.

 

Өзіңіз тұратын ауданды тексеріп көріңіз 

 

Пәтерді көруге бара жатқан кезден бастап оның қандай ауданда орналасқанын бір бақылап шығыңыз. Тұрғын үй тұрған территорияның жағдайына мән беріңіз:
*Ауаның тазалығы.
*Балалар алаңының жайы қалай? Аула таза болу керек.
*Есік алдында отырған әжелерді әңгімеге тартыңыз, себебі олар үй сатушы айтпаған «тың деректерді» жайып салады. Дегенмен, олардың сөзіне көзсіз сене берудің қажеті жоқ.
*Көлік қозғалысы қаншалықты ыңғайлы екенін, автотұрақ болуын назарда ұстаңыз.
*Жақын маңда мектеп пен балабақша болуы керек.
*Аулада ағаштар мен аллеялар болғаны жақсы.

Пәтерді тек күндіз жақсы жарықта көру керек, себебі бөлменің қаншалықты жарық екенін сол кезде көруге болады. Кешкі қараңғылық бөлмедегі жарықтар мен кемшіліктерді көрсетпей қойғандықтан күн батқан соң пәтер көруге бармағаныңыз дұрыс.

Дұрысы, ұялы телефоныңызға барлық көрген кемшіліктерді түсіріп алыңыз. Барлық пәтерді аралап, алғашқы әсеріңіз басылған кезде кемшіліктерді салыстырып қарауға болады. Терезеден не көрінетініне мән беріңіз — қай бағытқа қарай шығады, алаңқайда не тұр? Егер балаңыз болса, балалардың ойын алаңы көрініп тұруы маңызды.

Пәтер бөлмелерінің орналасуы 

 

Пәтердегі бөлмелердің орналасуын талғамыңызға байланысты таңдайсыз. Дегенмен, бөлмелері ыңғайлы орналасқан пәтерді қалай таңдағанда мыналарды ескеріңіз:

*Егер пәтер екі бөлмелі болса, бөлмелер бөлек орналасуы керек.

*Бір бөлмелі пәтер жарық болу керек.

*Бөлмелердің кіріп-шығу ыңғайлылығы, арасындағы дәліздердің кеңдігін қараңыз.

*Әжетхана мен жуынатын бөлме бөлек болғаны ыңғайлы, ал біріккені көп жерді алмайды. Өзіңізге не маңызды екеніне байланысты таңдаңыз.

Мамандардың кеңесі бойынша, отбасы үшін екі кең бөлмелі пәтерден гөрі, шағын, бірақ үш бөлмелі пәтер алған дұрыс. Бұл келешекте адам санына байланысты қайтадан көшіп жүрмес үшін дұрыс таңдау болуы мүмкін.

Пәтердің инфрақұрылымын қарап шығыңыз

 

Техникалық инфрақұрылым — жөндеудің ең қымбат бөлігі. Пәтердің төбесін көріп, электрсымдардың қалай орналасқанын сұраңыз да, сантехника мен жылыту құбырларының жайын сұраңыз. Вентиляция мен шусыздандыруды тексеруді де ұмыт қалдырмаңыз. Терезе мен бұрыштарға көз салыңыз: егер бөлме дымқыл болса, онда көгерген зең басып тұрады. Пәтер бұған дейін жалға беріліп келсе, үйде сатып алған соң кілтті ауыстыру қажет. Одан бөлек, пәтерде есептеуіш бар-жоғын, бар болса соңғы рет қашан тексерілгенін көріңіз.

Саудаласуға себептер 

 

Алғалы жатқан пәтерде мынадай кемшіліктер болса, саудаласып, үйді төмен бағада алуыңызға болады.

*«Қауіпті аудан». Үй маңында бөтелке пен ине жатуы мүмкін. Ол пәтерді сатып алу-алмау өз еркіңізде. Бірақ осындай көршілер — бағаны түсіруге жақсы себеп бола алады.

*Қабырға суық әрі дымқылданған.

*Бұрышта орналасқан, не бірінші қабаттағы пәтер.

*Балкон ескі, қауіпті және әйнекпен жабылмаған болса, пәтерге келетін шаң мен шуды желеу етіп бағаны түсірсеңіз болады.

Аян ҚАЛМҰРАТ

Дерек көзі: 7kun.kz

Опубликовано в Сарап Time
Страница 2 из 2

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер