Показать содержимое по тегу: актуаль
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда «100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесу өткізгеніне ерекше тоқталып, Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы азаматтар екенін атап өтті, деп хабарлайды akorda.kz.
– Бұлардың ұстанатын өмірлік қағидасы – мемлекеттен талап ете бермей, оған өзінің идеяларын, шығармашылық энергиясын, қажырлы еңбегін арнау. Міне, біз қол жеткізген табыстың нағыз шынайы манифесі – осы! Тәуелсіздіктің ұрпағы да – осылар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, ол озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін сан жағынан өсуден сапалық өзгерістерге көшудің маңызды талап екенін айқындап берді.
– Қазақстанды қалыптасқан мемлекет ретінде нығайтып, біз бүкілін қамтитын жаңғыруға, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тұрпатын жасауға кірістік. Сол үшін саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерісін бастап кеттік, – деді Қазақстан Президенті.
Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі Ержан Тәліп өзінің фэйсбук парақшасында Желтоқсан оқиғасына қатысты "атақты" тарихи суретке Колбиннің кезінде не дегенін жариялады, деп хабарлайды silteme.kz.
АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол ҚР Тəуелсіздік күніне орай үш тілде лебіз білдірді, деп хабарлайды egemen.kz. Ол қазақстандықтарға арнайы видео жолдау жасаған.
Қыс мезгілі келісімен шашымыздың «ауа райы» да өзгере бастайды. Үйдегі, ғимарат ішіндегі жылу жүйесінен бөлінетін құрғақ ауа салдарынан шаш құрғайды, электрленеді, оған көшедегі аяз соққысы қосылады. Нәтижесінде майлы шаштар одан сайын майланып, құрғақ шаштар тіптен өңінен айрылады, ұштанады, көп түседі.
Бір айдың ішінде Мьянмада 6700-ден аса адам қаза тапты, деп хабарлайды bbc.com сайтына сілтемемен silteme.kz.