Показать содержимое по тегу: актуаль
Биыл үшінші дүркін ұйымдастырылып отырған дәстүрлі «АЛТЫН ТҰЛПАР» аламан ат бәйгесі биыл Астана қаласы маңындағы Қабанбай ауылында қырқүйектің 11 күні өтетін болды, деп хабарлайды ulttyqsport.kz.
Қазақстандағы экономикалық жағдай мерзімі өткен кредиттер санының өсуіне әсер етуде. ҚР Ұлттық банкі болса 5 млн қазақстандықтың 4 трлн теңгеге жуық банкте қарызы бар екенін және проблемалы қарызы барлардың үштен екісі кредиторлардан қашып жүргенін мәлімдеді. Ал мұндай жағдайға тап болмау үшін кредитті тезірек жауып тастаған жөн. Ендеше 7kun.kz кредитті жылдам жабуға қатысты кеңестерін ұсынған екен.
Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікті жалға беру лауазымды және жеке тұлғалар ғана емес, кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін күнкөрістік табыстың көзі болып отырғаны жасырын емес. Оның ішінде жеке меншік жер учаскесінде орналасқан тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлердегі пәтерлерді және жатақханалардағы бөлмелерді жалға беру кең өріс алған.
Берекелі тамыз айында ел қазынасына тамаша тарту-таралғыларын ұсынып, жыл басында алған мәртебелі міндеттемелерінің үдесінен шыққаны жөнінде, алдағы алар асулары туралы есеп беретін даңғайыр кәсіп иелерінің бірегейі — құрылысшылар болып табылады.
Әлемдік нарықтағы жағдай бүгінде тұрақсыз. Қысқа күнде қырық құбылып тұрған баға дүниежүзілік нарыққа негізінен шикізат өнімдерін шығаратын елдер үшін қиын соғып тұр.