Показать содержимое по тегу: Тарих
Қазақ және басқада Түрк-Ғұннан тараған халықтарда мынандай әскери атаулар істетілінген екен, таңданыс тудыратыны неше ғасырлар, мың жылдар өтседе бұл атаулардың кұні бұгінге дейін Қазақ жадында сақталуы мен қолданыста болуы. Төменде осы аскерй атаулардың түсініктемесі берілді.
Аттиланың мақсаты – Рим-Византия империясының мызғымас билігін жою болды. 451-жылғы 22 маусымдағы Каталун даласындағы (солтүстік-шығыс Франция) шешуші ұрыста ғұндар Римнің біріккен әскерінің шебін бұза алмады. Ғұндар бір орында тұрып қалды. Үлкен әскерді азық-түлікпен қамтамасыз етуде қиындықтар пайда болды. Аттила тез арада тәуелді-одақтас әскерді таратып жіберуге мәжбүр болды.
Қазақта өлеңге ғана емес, ұлыларға да әркімнің таласы бар. Иә, атақты батыр мен би, бай-бағылан, ақын мен жыршыға, күйшіге кім кімнің де қатысты болуға кет әрі болмасы анық. Ұрпағы болу, туысы болып шығу, болмағанда жерлестігін паш ету біздің жұртқа зор құндылық. Сондықтан да болар, кішкене бір дереге шықса, тарихи тұлғалардың еншілеуге ұмтылыс бір сәт толастаған емес. Сондай өмірі аңызға толы, туған ортасы таласты алыптарымыздың бірі – «күш атасы» атанған Қажымұқан бабамыз.
Құрама Штаттардың әлемді жеке-дара билеп келе жатқанына биыл жиырма жеті жыл. Жақсы ма, жаман ба, ол жағын болашақ ұрпақ бағалай жатар, ал бір полярлы әлем аясындағы екі ондық белес тарих күресінінде қалып барады. Бір жағынан, бұл мерзім балапандарды санайтын кез келгенін танытады. Әлем Сэм ағайдың көшбасшылығынан ұтты ма, ұтылды ма? Әлбетте, АҚШ-тан бастау алған соңғы жаһандық экономикалық дағдарыс талайларға күмәнді ой салып үлгерді. Дүниенің ендігі саяси даму бағдары қалай болмақ? Мұның арты әлемдік саяси дағдарысқа ұласпай ма? Дағдарыстан кейінгі кезеңде Трамптық Американы қаншалықты өміршең дей аламыз? Өз кезегінде осы сауалдардың барлығының академиялық негіздеме талап ететіні белгілі.
Қазіргі таңда қолданыстағы әлем картасын стандарт ретінде кім бекітті? Бәріміз оны осы қалыпта, дәл осынау географиялық сықпытта көріп, түсініп, дүниетаным кординаты ретінде тануға дағдыланғанбыз. Дәлірегі, ондағы орталық бөлікте Еуропа орналасқан, оң жақта - Азия, сол жақта – Америка орын тепкен. Жоғарыда – солтүстік, ал төменде – оңтүстік. Баршамыз да осы, мейлі ол саяси болсын, физикалық болсын, қолжетімдік карталар арқылы планетамыздың бөліктері хақында білім алдық, ұлы ашылулар шежіресіне қанықтық.