Показать содержимое по тегу: Алматы
Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасы жергілікті бюджеттен желтоқсан мерекелеріне қаланы безендіруге 175 миллион теңге бөлді, ал былтыр 215 миллион теңге бөлінген болатын. Бұл туралы Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасына сілтемемен КТК хабарлады.
Алматыда бас шырша 18 желтоқсанда Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған silteme.kz.
Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының аяқталуына да аз күннің жүзі қалды. Бүгін 8 жүлделер жиынтығы сарапқа салынады. Назарларыңызға kaz.vesti.kz жариялаған ойындар кестесін ұсынамыз.
«Ромео және Джульетта»
Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау сайысына 40 спортшы қатысты. Оның ішінде үшеуі қазақстандық. Жарыс жаңадан салынған «Алматы Арена» спорт кешенінде өтті. Зал екі күнде де лық толы болды. Халықтың мәнерлеп сырғанау спортына деген ықыласы жоғары екенін байқадық.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1986 жылғы желтоқсанның 30 жылдығына орай белгілі журналист Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім – желтоқсан!» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды. |
Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.
«Қасиеттім – желтоқсан!» публицистикалық кітабында автор 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысын қамтуды көздеген. Сонымен қатар, оқиғаға қатысқан және одан кейінгі кезде азаматтық ұстанымын көрсеткен зиялыларымыздың, жастарымыздың қайсарлығы туралы сыр шертіледі. Желтоқсан көтерілісінің тұтануына түрткі болған жайттардан бастап, желтоқсандық қаћармандардың іс-әрекеттері ашып көрсетіліп, желтоқсандықтардың біразының тізімдері мен сол 1986 жылғы оқиғаға қатысқан жастардың деректері берілген. Автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты толыққанды мағлұматты нақты деректермен дәйектейді, желтоқсандық зиялы қауым болмысын ашуға ұмтыла отырып, Желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім қырларын баяндауды мақсат тұтқан.
Желтоқсан көтерілісі қазақ тарихының асқақ кезеңі екеніне оны мұқият зерделеген оқырманның көзі жете түсері анық. Автордың бұл тиянақты еңбегі – қаhармандық күрестің шынайы бейнесі мен толық ақиқатын ашудағы сауапты да қажырлы талпынысы, игілікті істің мәуелі жемісі.
Болатбек Төлепберген – әр жылдарда жарық көрген тарихи ағартушылық бағыттағы оншақты кітап пен «Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» атты деректі фильмдердің авторы.
Аталған кітап Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2000 данамен «Керемет медиа» баспасынан жарық көрді.