Показать содержимое по тегу: актуаль
Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікті жалға беру лауазымды және жеке тұлғалар ғана емес, кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін күнкөрістік табыстың көзі болып отырғаны жасырын емес. Оның ішінде жеке меншік жер учаскесінде орналасқан тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлердегі пәтерлерді және жатақханалардағы бөлмелерді жалға беру кең өріс алған.
Берекелі тамыз айында ел қазынасына тамаша тарту-таралғыларын ұсынып, жыл басында алған мәртебелі міндеттемелерінің үдесінен шыққаны жөнінде, алдағы алар асулары туралы есеп беретін даңғайыр кәсіп иелерінің бірегейі — құрылысшылар болып табылады.
Әлемдік нарықтағы жағдай бүгінде тұрақсыз. Қысқа күнде қырық құбылып тұрған баға дүниежүзілік нарыққа негізінен шикізат өнімдерін шығаратын елдер үшін қиын соғып тұр.
Толстой: «Бәрі Ресейді құтқарғысы келеді, бірақ өз жанын ешкім құтқарғысы жоқ…», – деген болатын. Дәл осы өлшем өз өміршеңдігін жоймағаны өз алдына, бұл замана туғызған рухани кодекс, этикалық нормаға айналып үлгерді. Қазақ өз жанын құтқаруға қаншалықты дәрмені бар? Және соған қаншалықты бейілді? Жалпы, бойымыздағы асқынып бара жатқан кесел мен жабысқан кесірді жоюға дайынбыз ба?
Күллі әлемді тіксіндірген терактілердің бірінің артынан бірінің орын алуы адамдарды үрей құшағына тарта түскендей. Алматыдағы қарулы шабуылдан кейін, іле-шала Мюнхендегі орын алған қанды оқиғаны ақпарат құралдары әуелде «діни ұшқарылардың әрекеті» деп баға берсе, көп өтпей қанды-қолдар туралы нақты ақпараттардың таралуына байланысты өзгеше тұжырымдар жасала бастады.