Показать содержимое по тегу: Алматы
Қазақстанда баспананың қайталама нарығында пәтер құнының төмендеу қарқыны бәсеңдегені байқалады. Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды Homsters.kz PR қызметі.
Бүгін Алаш ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,- деп хабарлайды e-history.kz тілшісі.
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алған халал өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шараның ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты, деп хабарлайды aikyn.kz
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Алматының Астанадағы күндеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады almaty-akshamy.kz.
Ганадан келген Патрик Аллотеймен өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Екі боксшы да аянып қалмады. Ұпай айырмашылығымен жерлесіміз Қанат жеңіске жетті. Кәсіпқой бокстағы 22 кездесуінде де жеңіске жеткен Қанат Ислам 18 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Ал Патрик Аллотей болса осымен үшінші рет жеңіліске ұшырады. Шаршы алаңда 37 кездесу өткізген ол жалпы кездесуінің 34-інде қарсыластарынан басым түскен. Нокаут саны – 24.
Айта кетейік, Алматыда өткен бұл жолғы бокс сайысында өнер көрсеткен басқа алты қазақстандық боксшы да жеңіс тұғырынан көрінді. Олардың ішінде Жұман Жұмабеков, Әли Ахмедов, Руслан Мырсатаев, Жәнібек Әлімханұлы алғашқы раундта қарсыластарын нокаутқа түсірсе, Жанқош Тұраров төртінші раундта жеңіске жетті. Айдар Шәрібаев ұпай санымен қарсыласынан басым түсті.