ОҚО

Показать содержимое по тегу: ОҚО

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде аудан, қала әкімдерімен селекторлық жиын өтті. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте 9 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жүктеген міндеттерді өңірде жүзеге асыру жайы талқыланып, бірқатар сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz АА.

Опубликовано в Саясат жүзі

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «Еліміздің жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін бірінші міндет индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» - деген болатын. Бұл тапсырма Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім беру саласында жоспар бойынша орындалуда. Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Опубликовано в Technology

Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген болатын. Бағдарламаны іске асыру бойынша облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік комиссия және сарапшылар кеңесі құрылған. Сарапшылық кеңесінің құрамында жергілікті зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Мақалада белгіленген 6 бағыт бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің басшысы Бақытжан Әшірбеков мәлім етті, - деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Опубликовано в Руханият

Оңтүстік Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіп кешеніне цифрлық технологияларды қолдану қарқынды дамып келеді. Мәселен, облыста заманауи технологиялар егін шаруашылығы мен мал шаруашылығында ендіріліп, оның жемісін бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары көріп келеді. Бүгінде бағбандар озық технологияның нәтижесінде 2,8 мың гектар жерге егілген қарқынды баудың өнімділігі, дәстүрлі тәсілмен егілген 29 мың гектар баудың өнімділігіне қарағанда 1,5 - 2 есеге артқанына көз жеткізді. Бұл кешегі Елбасы Жолдауының үшінші бағытында айтылған  «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту тапсырмасына саяды, - деп silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Опубликовано в Technology

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 900-ден астам маман ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 303 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік бағдарламаны орындауда облыс республикада көш бастап тұр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.

Опубликовано в Қоғам
Страница 12 из 26

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер