Показать содержимое по тегу: Каспий теңізі
ҚР ҚК ӘТК-нің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің су айдыны бойынша корабльдердің жиын-жорығы аяқталды, деп хабарлайды aikyn.kz.
Жиын-жорықтың мақсаты – Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолайлы жедел режимді ұстап тұру
Жиын-жорықты жасау кезінде ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері, яғни, «Сарыарқа», «Орал» және «Қазақстан» зымыран-артиллериялық корабльдері 7 күн бойы шекара маңындағы су аумақтары бойынша Каспий теңізі қазақстандық секторының барлық су айдынын жүзіп өтетіндігімен ерекшеленді.
Жиын-жорықты өткізу барысында корабльдер теңізге өтуде корабльдің әуе шабуылына қарсы қорғанысын ұйымдастыру, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастыру, біртекті корабльдердің жалғануы құрамындағы орағыту, АК-306, 23 мм ЗУ-23-2 мен 12,7 мм «Утес» НСВП 30 мм артиллериялық қондырғыдан теңіз нысаналары бойынша практикалық оқ атуларды өткізу және корабльді қорғаудың барлық түрлерін ұйымдастыру секілді тапсырмалар пысықталды.
«Мен алғаш рет экипаждың ұйымдасқан және үйлесімді іс-әрекетінің куәгері болдым» деп «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы құрамында теңізге алғаш рет шыққан 2016 жылдың түлегі, лейтенант Есбол Әбілқайыров атап өтті.
«Бас қолбасшының қойған барлық тапсырмалары орындалды. Практикалық оқ атуларда барлық нысаналар жойылды» деді корабльдердің жиын-жорығындағы жетекші 29011 әскери бөлімінің командирі, І дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков.
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы корабльдердің жиын-жорығы ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың басшылық етуімен өткенін естеріңізге сала кетейік. Корабльдердің жиын-жорығы жылына бір рет өтеді.