Показать содержимое по тегу: адам
Шведтік өнертапқыш ғалым өмірінің ұзақтығын анықтайтын сағатты жасап шығарды. Сағат уақытты кері санап, оның иесінің қанша өмір сүру уақытының қалғанын көрсетеді.
СПИД пен ВИЧ жайында біз жиі естиміз, оқимыз, айтамыз. Бірақ дәл осындай қасіретке шалдыққан жандар қалай өмір сүріп жатқанын тіпті ойлағымыз да келмейді.
Кейде бәр сәт дәл қазір болып жатқан нәрсені бұрын көргендей сезімде боламыз. Мұндай күйді адамдардың 97 пайызы өткерген. Ондай кезде «бұл нәрсе бұрын болған сияқты» дейміз. Неге олай болатыны, әрине, қызықтырады.
Кейбіреулердің кейде ұйықтап жатып сөйлейтін әдеті бар. Ол нені білдіреді, себебі неде? Статистика бойынша, әрбір жиырмасыншы ересек адам түсінде сөйлейді, ал балалардың әрбір екіншісі ұйықтап жатып сөйлегенді ұнатады.
Дельфин жайындағы жұмбақтар ғалымдардың назарын ертеден аударуда. Зерттеулерге қарағанда, дельфиннің миы бізге белгілі жануарлар дүниесіндегі аңдардың миының бәрінен жақсы жетілген.