актуаль

Показать содержимое по тегу: актуаль

Кей жағдайларда автокөлік иелерінің көліктері «қамаққа» алынатыны белгілі. Дегенмен көп адамдар оның заңды емесін білмейді. Сондықтан бұл жөнінде де айта кетуді ұйғардық.

Опубликовано в Автонарық

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына Ресейдегі  Башқұртстан республикасынан, Челябинск, Мәскеу, Ульяновск облыстарынан әлуметтік туризм бағдарламасы аясында мүгедектер қауымы келді, деп хабарлайды zamana.kz. 

Мүгедектер қауымы мұражай аумағына Башқұртстан елінен әкелінген «Салават Юлаев» атты мамыргүл (сирень) және Уфа сүмбілтерегі (Уфимский пирамидиальный тополь) сияқты ағаш көшеттерін отырғызды. «Уфа қаласының селекционерлері шығарған сорттағы бұл ағаштарды Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы тұрғындары атынан Қазақстан Республикасы, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне сыйға берілді» деген арнайы тақтайша орнатылды. 

Бұл шараның мақсаты башқұрт елінің рухани дамуына өзіндік үлес қосқан Хусейн-бек бабаға алғыс білдіріп, еске алу екен.

Хусейн-бек баба XІV  ғасырдың басында ежелгі Йасы қаласында дүниеге келген. Йасауи бабаның жолын ұстанған  Хусейн-бек XІV  ғасырдың басында башқұрт жерлеріне Ислам дінін тарату үшін жіберілген екен. Башқұрт елінде алғашқы имам атанған Хусейн-бек XІV асырдың  соңында қайтыс болып, Чишмы ауылында, Ақзират көлінің маңында жерленген. Басына кесене тұрғызылған.  

Айтулы шараға жетекшілік еткендер – Башқұртстан республикасының спорт министрлігі, Ресей спорт мүгедектерінің одағы, Спорттық туризм федерациясы.

 

Опубликовано в New generation

Жаңадан өмір есігін ашқан нәрестеге жақсы есім қоюдың маңызы аса зор. Қазақта: «Жақсы сөз жарым ырыс» деген қанатты сөз бар. Ұлтымыз ежелден жаңа туған сәбиге ерекше мейріммен қараған. Ұрпақ тәрбиесіне аса жауапты болған. Бала тәрбиесін тал бесіктен бастаған. Ең алдымен жақсы есім қоюдың маңызды екендігін жете түсінген.

Опубликовано в New generation

Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса сенгісіз оқиғалар кез-келген жанды бей жай қалдырмайтыны анық. Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол интернет. Соның ішінде Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған.

Опубликовано в New generation

26 тамыз – исі қазақ баласы үшін айтулы даталардың бірі болуы тиіс еді. Алайда, ол күннің маңызын дәл қазір бірі білсе, бірі білмейді.

Опубликовано в Саясат жүзі

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер