Қазақ тілі

Показать содержимое по тегу: Қазақ тілі

О, тоба! «Чекті сиктиңыз!». Тура солай жазылып тұр! Centercredit банк — қазақты әбден басынған банк екен дегеннен басқа сөз түспейді ауызға. Иә, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Centercredit банк Қазақстанға үлкен «сый» жасады. Бұл банк басқаны қойып, қазақ тілін аяусыз масқаралап жүр екен.

Facebook қолданушыларының ашу-ызасын туғызып, желіде таралып жатқан банктің мына бір чегі кеше ғана алынған. Онда берілген уақыты деген жерде 24.08.2016 деп тұр. Демек, қателесіп тұрған жоқпыз, бүгін — 25-тамыз, чектің алынғанына бір-ақ күн болған.

Сонда дейміз-ау, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бұл банк осындай масқара чекпен Қазақстан тұтынушыларын қорлап-масқаралап келген бе?

Тіпті, банк Қазақстан нарығына бертінде — 2000 жылдары келді десек-тағы, әйтеуір қандай нарыққа келгенін нақ білетін білдей банк неге мемлекеттік тілге бұлайша жүрдім-бардым қарайды?

Нақтырақ айтқанда, қаржылық әлеуеті шектеулі шағын бір фирма болса жарайды, түрлі деңгейде менеджер, маркетингтік маманы сынды жандайшаптары бар білдей банктің тіл мәселесіне сорақылық жіберіп қойып, қарап отырғаны қалай?

Жарнамасына қарасаңыз, «банк дәстүрлі құндылықтарды қастерлейді» дейді.

Ал өзі қызмет етіп отырған елдің дәстүрлі тілін қастерлеудің орнына, оны қорлап, өз саясатын өздері жоққа шығарып, масқара болып жатқандарында шатақ жоқ секілді.

Рахметтің орнына Шихметті, Өтінеміз дегеннің орнына Өтішеміз дегенді көрсетіп, барша әлеуеттің басын қатырып қойғаны. Бұл өзі қай тілде?

Өзге тіл деп өзімізді алдауратайық десек, тіптен келмейді. Бізде заң бойынша қызмет көрсету қолданысында үш тілге ғана жол беріледі: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын.

Демек, бұлай өз-өзімізді алдамай-ақ қоялық.

Бұл — банктің ашықтан-ашық қазақтарды қорлағаны, өзі жұмыс істеп, ақша тауып отырған мемлекеттің ана тілін аяқ-асты етіп, бетіне түкіргені.

Ендеше қоғамда үлкен дау туғызып, көптің құқығын таптап, ар-ожданына тиген бұл мәселенің құзырлы орындар анық-қанығын біліп, банкті жауапқа тартады деп сенеміз. Ал банк өз тарапынан бұл мәселеге қатысты БАҚ арқылы жауап беруі керек деп есептейміз.

Камшат Сатиева

© 365info.kz

Опубликовано в Тіл

Бүгінде қазақ жастары қазақша-орысшаны араластырып, «шала-қазақ» тілінде сөйлеуді сәнге айналдырған. Ресми түрде тіл деп танылмаса да, қазіргі таңда шала-қазақ тілі кең қолданысқа ие.

d61c86df-a6a6-47f8-85fb-327ae57c1826-620x464
Stan.kz  сайты  жастар арасында сауалнама жүргізіп, шала-қазақ тіліндегі ең жиі қолданылатын сөздердің рейтингін жасады. Бұл орайда бірінші орын – “Чё там, қалайсың? ” тіркесіне бұйырды.

Ең танымал тіркестердің қатарына: “в общем, солай ғой”, “мешать етпе”, “маған вообще бәрібір” және “если что, званда” тіркестері кірді.

Жігіттер қауымы бір-біріне “Брат – денесі квадрат” деп жиі қалжыңдайын көрінеді. Ал жастар «Обнаглелсың ба?» деп дөрекі тіркесті жұмсарта  қолданады екен. “Қызықсың сен, братишка!” сөз тіркесі MC Сайлаубектің арқасында танымал болып шыға келді.

“Шүкір пойдет, өзің как?”, “вечно соңдайсың”, “конечно, білем”, “шын айтам, как ана есть қой” сынды тіркестерді өзіңіз де күн сайын естіп жүрген боларсыз.

Тарих ғылымдарының докторы, публицист, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағымбай Қозыбаевтың пікірінше, қазақстандықтардың орыс тілін меңгергені өте жақсы, алайда екі тілді араластырмай, айтарыңды тек бір тілде айтқан жөн.

«Қазақ тілі мен орыс тілін өзара қарсы қоюға әсте болмайды. Екі морфологиялық жүйенің араласуына, яғни екі тілдің бірге қолданылуына тіптен жол бермеу керек», – деді Сағымбай Қабашұлы. Сондай-ақ, профессор, жаңадан тіл үйреніп жүрген жандарға кешіріммен қарауға болатынын айтты.

«Ондай жағдайда тіл үйренушілерге түсіністік танытып, дұрыс бағдар көрсетуіміз қажет», – дейді профессор.

Қозыбаев тілімізде кең қолданысқа ие болған «братішке», «семішке», «бәтіңке» сынды сөздерге мүлдем қарсы екендігін айтты.

«Мұндай сөздерді, негізінен, сырттан келген жастар енгізді. Көбінесе бұл тіркестерді студенттер қолданады. Қалжың қалжыңымен, алайда бұл сөздерді қолдануды біз әдетке айналдырып алдық. Кез келген әдеттен арылуға болады. Ең бастысы, жастар мұндай сөздерді қолдану арқылы қазақ тіліне де, орыс тіліне де абырой әкелмейтіндерін түсінулері керек», – деп түйіндеді сөзін Сағымбай Қозыбаев.

Нұрлыайым Нұрсаин

Опубликовано в Тіл

Американың Портленд қаласында тұратын Грейси Гаррет қазақтың атақты ақыны Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасын» орындады. Оның видеосын Алматыдағы АҚШ елшілігі өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жүктеген екен, деп хабарлайды dalanews.kz

Видеода америкалық қыз өзі туралы қазақ тілінде айтып береді. Осы бір жылда лағман тағамы оның жақсы көріп жейтін сүйікті тағамдарының біріне айналған екен.  Осыдан кейін «Көзімнің қарасын» орындап берді. Видеоға қарағанда, Г.Гаррет Алматыда өткен мәдени іс-шаралардың біріне қатысқан.

Опубликовано в MediaTek

Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін  жетік білуі керек.

Опубликовано в Тіл

Қазақ тілі – байтақ тіл. Оны орыс тілінің ережесіне бағындыруға болмайды. Қазір қазақ мектептерінде де орыс тілі пәнінің сағаты қазақ тілінен көп. Содан ба, немерем «аяқтарым, қолдарым, көздерім» деп сөйлейді. Неге десем, «аяқ та, қол да, көз де екеу ғой» деп мені жеңген кейіппен бетіме қарайды. Көршімнің баласы «әкем қойларды бағып кетті» дейді. Қой бағып кетті демейді. Қазақ сөзін орыс тілінің ережесімен айтып тұр.

Опубликовано в Тіл
Страница 5 из 6

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер