Показать содержимое по тегу: Сараптайм
Әлеуметтік желі белсенді қолданушылардың бірі Нұрмұхаммед Байғараев өзінің фэйсбук парақшасында еліміздегі муфтидің ауысуы мысалында қазақстандық БАҚ-қа не жетіспейтінін атап өтті, деп хабарлайды silteme.kz.
Батыстың бірқатар басылымдары Ақ үйге сілтей отырып, бүгін Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындап, елдегі АҚШ-тың елшілігін мемлекеттің қазіргі астанасы Тель-Авивтен Иерусалимге көшіретіндігі туралы мәлімдеме жасамақ деп хабарлады. Сарапшылар мен саясаткерлердің айтуынша, бұл өңірдегі шиеленісті одан әрі күрделендірмек.
Грек тілінде динамит сөзі «күш» дегенді білдіреді. Бұл нитроглицерин, калий немесе натрий нитратының және ағаш ұнтағынан тұратын жарылғыш заттар, көлеміне байланысты көлікті, үйді бұзып, тасты жарып жібере алады. Динамитті швед инженер-химигі Альфред Нобель ойлап тапқан, 1867 жылы патенттеп, туннелдерді тесу үшін пайдалануды ұсынған. Бұл өнертабыс Нобельдің атын бүкіл әлемге мәшһүр етіп, оған аса ірі табыс алып келді. 1895 жылы өсиетхат жазып, онда капиталының басым бөлігін химия, физика, медицина, әдебиет және бейбітшілікті нығайтудағы ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткендерді марапаттайтын сыйлыққа аударды.
Осы уақытқа дейін латын алфавитінің жүздеген нұсқасы жасалды. Басым көпшілігін әуесқойлар, біршамасын тіл мамандары, қалғанын ресми институттар ұсынды. Бір жағынан бұл жақсы тенденция. Азаматтық қоғамның шағын бір көрінісі. Алайда алфавит нұсқаларының көп болуы сапаға әсер еткен жоқ. Тіпті бұл іспен кәнігі филологтардың айналысуы да керемет нәтиже көрсетпеді. Мейлі бұл менің субъективті көзқарасым болсын, бірақ осы уақытқа дейін ұсынылған алфавиттердің денін шала дер едім. Қай нұсқаны қарасаң да авторлар мәселеге тар фокуспен қараған. Бірі тек графикалық тұрғыдан келсе, екіншісі сыртқы көркемдігіне ғана мән береді. Үшіншісі өзінің саяси көзқарасына сай, төртіншісі өзінің мамандығына ғана ыңғайлы алфавит жасайды. Енді бірі мүлде жеке басының абыройын күйттеп кеткен. Арасында тіпті діни көзқарасымен араб тілінің тәжірибесіне салып, кейбір дауысты дыбыстарды мүлде алып тастайтын жобалар болды. Қысқасы, тіл табиғатына икемді, уақыт талабына сай, экономикалық сұранысқа лайық, технологиялық қажеттіліктерін өтей алатын кешенді жобаны көре алмадық. Көбі алфавит құраумен емес, транслитерациямен айналысты.
Қазіргі таңда қолданыстағы әлем картасын стандарт ретінде кім бекітті? Бәріміз оны осы қалыпта, дәл осынау географиялық сықпытта көріп, түсініп, дүниетаным кординаты ретінде тануға дағдыланғанбыз. Дәлірегі, ондағы орталық бөлікте Еуропа орналасқан, оң жақта - Азия, сол жақта – Америка орын тепкен. Жоғарыда – солтүстік, ал төменде – оңтүстік. Баршамыз да осы, мейлі ол саяси болсын, физикалық болсын, қолжетімдік карталар арқылы планетамыздың бөліктері хақында білім алдық, ұлы ашылулар шежіресіне қанықтық.