Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмысында "Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралуда. Бұл заң жобасын 2016 жылы Жер реформасы жөніндегі комиссия әзірледі, деп хабарлайды Today.kz ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.
Показать содержимое по тегу: жер мәселесі
Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы сенатқа жолданды. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жөнелтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мұндай мәселелер ешқашан назардан тыс қалмайтынын айтты. Қытай оқулықтарында Қазақстан жерінің Қытай жері деп көрсетілуіне қатысты қандай да бір мәлімет пайда болса, бұл мәселе үкіметаралық кездесулерде міндетті түрде көтеріледі. Қазақстан үкіметі бұған тосқауыл қояды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.