актуаль

Показать содержимое по тегу: актуаль

Еліміз тәуелсіздік тәжін кигелі бері бірқатар азаматтар латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлердің 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны да баршаға аян. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажеттігі айтылды: «Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», - деп латын графикасының маңызын айқындап берген еді. Елбасының тапсырмасын орындауға белсене үлес қосып жүрген ел азаматтарының бірі, қазақ тіліне лайықталған «Bailatyn» латын графикасының авторы, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің роман-герман филологиясының маманы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің, Швейцариядағы Еуропа университетінің DBA деңгейіндегі докторы, кәсіпкер Арман Байқадаммен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

Опубликовано в Сұхбат

Қазақта өлеңге ғана емес, ұлыларға да әркімнің таласы бар. Иә, атақты батыр мен би, бай-бағылан, ақын мен жыршыға, күйшіге кім кімнің де қатысты болуға кет әрі болмасы анық. Ұрпағы болу, туысы болып шығу, болмағанда жерлестігін паш ету біздің жұртқа зор құндылық. Сондықтан да болар, кішкене бір дереге шықса, тарихи тұлғалардың еншілеуге ұмтылыс бір сәт толастаған емес. Сондай өмірі аңызға толы, туған ортасы таласты алыптарымыздың бірі – «күш атасы» атанған Қажымұқан бабамыз.

Опубликовано в Әралуан

Ажалсыз Кащей, Ғұн көсемі және Вадамерку сұлу

«Ажалсыз Кащей» орыс ертегілерінің тұздықты кейіпкерлерінің бірі. Дәл оның прототипіне қатысты мамандардың да пікірі әралуан. Әрине, осы тақырыпқа қатысты салмақты, түбірлі зерттеулерді де жоқ деуге болмайды. Мысалыға, оны кейбір зерттеушілердің «халықтық қысыр қиялдың жемісі емес, өмірде болған нақты адам» деп жататыны бұрынан бар жайт. Әйтсе де, бұл болжам Виктор Болдактың жақында жарық көрген «Шығыс славяндарының II-V ғасырлардағы саяси тарихи уақиғаларына реконструкция» деген  еңбегімен де негізделе түсті десе болады. Мұнда автор Кащейді һәм оған қатысты барлық жайларды «осыдан 2000 жыл бұрын болып өткен оқиғалардың жаңғырықтары» деп нанымды суреттейді. Онда қаншалықты шындықтың үлесі бар, ол жағы енді, әркімнің өз парасат-пайымына байланысты. Сонымен, әлхиссасын тарқатар болсақ...

Опубликовано в Нетократия

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер