Жансая Әбдімәлік

Показать содержимое по тегу: Жансая Әбдімәлік

Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрмет» орденінің иегерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


 «Ең жас халықаралық гроссмейстер, шахматшы Жансая Әбдімәлік пен белгілі опера әншісі Зарина Алтынбаева «Құрмет« орденімен марапатталды. Белгілі тележүргізушілер, журналистер Зейін Әліпбек пен Вера Захарчукке де «Құрмет« ордені беріледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімінде.

Сондай-ақ, «Құрмет» орденімен Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының директоры Қорлан Құспекова, Көкшетау қаласының көпсалалы ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі Мақшәріп Мартазанов, Алматы қаласындағы екінші клиникалық ауруханасының бас дәрігері, жоғары білікті нейрохирург Марат Рабандияров марапатталады.

«Олар ең маңызды мамандықтардың – мұғалімдер мен дәрігерлердің жарқын өкілдері. Олар өздерінің кәсібилігімен және жасампаз еңбектерімен гуманитарлық әлеуетті арттырады және ұлт денсаулығын нығайтады», - деді Президент.

Сонымен бірге, «Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі» МКҚК жетекшісі Ақнұр Есләмова, Шымкент қаласынан келген еңбек ардагері Баян Жандосова, СҚО қиын жағдайға ұшыраған балаларды қолдау орталығының директоры Елемес Қалиев және Қызылорда облысы Қазақстан суретшілер одағының төрағасы Амангелді Кененбаев Президент қолынан «Парасат» орденін алды.

Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

 

Опубликовано в Self Made

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер