Астана

Показать содержимое по тегу: Астана

ҚР Ұлттық банкі Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа купюраны таныстырды.

Опубликовано в Қоғам

Қазпошта ЭКСПО-2017 көрмесіне билет сатады, деп хабарлайды baq.kz

Опубликовано в Жалпы экономика

Сарапшылар алғашқы және қайталама нарықтағы пәтерлердің сатылуы туралы 25 мың ұсынысты талдап, Астана мен Алматы нарығындағы өзгешеліктерді анықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Опубликовано в Жылжымайтын мүлік

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастығының президенті Уильям Кортнидің кездесуі өтті, деп хабарлайды Silteme.kz. 

Ахметжан Есімов Көрмені дайындау барысында атқарылған жұмыстар бағытын таныстырды. Сондай-ақ, алдағы аптадан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды өткізу, әрі делегация мүшелеріне арналған апартаменттерді табыстау басталатындығын хабарлады. Одан әрі қарай павильондарды толтыру бойынша контенттік жұмыстар басталады.

«Сәуір айында Елбасы делегациясының құрамында Вашингтонда болдым, онда АҚШ бизнес қоғамдастығымен кездесу болды, олар біздің Көрмеге қатысуға қызығушылық танытты. ЭКСПО-2017 әріптестері мен демеушілері арасында «Cisco», «General Electrics», «Chevron» сияқты ірі компаниялар болды. Сонымен қатар, Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастықты да ЭКПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамын», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

«Біз өздеріңізбен ынтымақтастық орнатқандығымызға дән ризамыз. АҚШ павильоны толығымен қауымдастық мүшелері болып табылатын жеке компаниялардан тұратын болады. Бұл АҚШ бизнесмендері үшін өте қызықты әрі бірегей мүмкіндік болады деп есептейміз. «Болашақ энергиясы» Көрмесін асығыспен күтеміз», - деп мәлімдеді Уильям Кортни.

Кездесуде ЭКСПО-2017 көрмесінің дамуына өз үлесін қосуға ниетті америкалық ірі энергетикалық корпорация АES (American clean power company) таныстырылды.

Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрме барысында 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

Опубликовано в Экономика
  1. 2016 жылдың 29 қазанында Астана қаласында «Асырап алушы отбасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру институты ретінде» екінші жыл сайынғы асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Silteme.kz. 

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, сұхбат алаңы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиімді көмек беруге қатысты мәселелерді бірлесіп талқылауға бағытталған. Форум жұмысына әлеуметтік жетімшілік саласындағы сарапшылар, халықаралық сарапшылар және мүдделі асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер қатысады. Шақырылған халықаралық сарапшылар қатарында Ресей мен Украинаның балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен сәтті өткен тәлімгерлік жобаларының өкілдері бар.

Шараны Астана қ. әкімдігі, «Бала жанұяда өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысы, «ДАРА» қайырымдылық қоры, Қазақстанның асырап алушы ата-аналарының қазақстандық бірелстігі және ҚР БҒМ бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті ұйымдастырады.  Форум қатысушылары Қазақстандағы әлеуметтік жетімшілік мәселесі қалай шешілуде, асырап алушы отбасыларының түрі мен айырмашылығы, кәсіби іріктеу қызметін құру өзектілігі, асырап алушы ата-аналарды оқытып, оларға қолдау көрсету секілді мәселелерді талқылайды.

Опубликовано в Қоғам
Страница 17 из 20

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер