Жас өнертапқыштар бақ сынады
30.09.2016, 16:26

Жас өнертапқыштар бақ сынады

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде робот құрастырудан аймақтық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Аймақта робот құрастыруға деген қызығушылық бәсең болғандықтан, бәсекеге түскен екі команда республикада өтетін жарысқа жолдама алды. 

Аймақтық турнирдің мақсаты – робот құрастырудан Үндістан астанасы – Нью-Дели қаласында өтетін бүкіл­әлемдік олимпиадаға қатысушыларды іріктеу. Ғылым дамуының жаңа белесі жиырма бірінші ғасырда да дүниежүзілік Робо­тотехника Олимпиадасына қатысушы мемлекеттер саны өсіп келеді. Әлемнің дамыған елдері қатысатын доданың 12 жылдық тарихы бар. Жыл сайын жиырма мыңнан астам үміт­керлерді іріктеп алатын Бүкіләлемдік Робототехника Олимпиадасының (World Robot Olympiad) жүлде қоры – ғылым мен білім қуған жандар үшін ең ауқымды табыс болып есептеледі. 
Жалпы, Атыраудағы аймақтық робототехника сайысына келер болсақ, аталған білімділер турнирі алғаш рет облыстық деңгейде өтті. Өңірдегі орта білім беру мекемелерінде робот құрас­тыруға деген қызығушылық мүлдем жоқ десек те болады. Сондықтан да, турнирге Назарбаев зияткерлік мектебі мен Қазақ-түрік лицейінің оқушылары ғана қатысты. Турнир шарты бойынша, командалар берілген уақытта белгіленген роботтарды құрастыру, оларға алго­ритмдік жүйені енгізу және әртүрлі әрекеттерді орындау сияқты тапсыр­маларды жүзеге асырудан сынға түсті. Төрт жұпқа бөлінген екі командадағы оқушылар өз роботтарының сайыста жеңіске жетуі үшін ой ұшқырлығына сенім артты. Роботтың нәтижелі өнер көрсетуі – оқушының білімі мен ой-пайымының қаншалықты күштілігіне байланысты. Турнирге қазылық еткендер білімі мен тапсырмаларды орындау көрсеткішін роботтардың атқарған жұмысымен бағалап, турнир соңында тиісті ұпай санын белгіледі.
Төрешілердің барлық талабынан шыққан Назарбаев зияткерлік мектебінің өнертапқыштарының қоқыс жинайтын робот машинасы болды. Құрылымы мен жылдамдығы жағынан көзге түскен роботты Назарбаев зият­керлік мектебінің 10-сынып оқушылары Нұртай Нудиев пен Бекнұр Бекқалилер құрастырған. Жас өнертапшықтардың бұл жұмысы турнир нәтижесінде ең жоғары ұпай жинады. Роботтар сыналған сәтте қоқыс жинайтын робот үстел үстіндегі барлық нысандарды азғантай уақытта жинап шықты.
«Әзірге бұл робот тек прототип ретінде оқу мақсатында пайдаланылады. Оларды әлі де зерттеу және сынау арқылы қоғамға нағыз қажетті жаңа заманауи техниканы ойлап табуға болады» дейді жас өнертапқыштың бірі Нұртай Нудиев.
Турнирдің қортындысымен қазылар алқасы екі команданы да республикалық додада бақ сынауға жіберіп отыр. Қазан айының алғашқы күндері Астана қаласында өтетін шешуші кезеңде өз жұмыстарын қорғайтын өнертапқыштар еліміздің барлық өңірінен келетін робот құрастырушылармен бақ сынайтын бола­ды. Сайып келгенде, өнертап­қыштығы бағаланатын әлемдік олим­пиадада елімізден робот құрастырушы жас өрендердің жұмысының баға­ланғануына үміт арту үшін, еліміздегі іріктеуден мықты өнертапқыштың шығуын күтеміз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер