Атыраулықтарды Жаңа жылмен Алаш арыстары құттықтады
22.03.2017, 15:49

Атыраулықтарды Жаңа жылмен Алаш арыстары құттықтады

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулық сәбилердің тұсауын кесті. Тұсау кесу рәсімі облыс орталығында өткен Наурыз мерекесін тойлау кезінде болды, – деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сәбилердің бірінің тұсауын ала жіппен, енді бірінікін тоқ ішекпен кескен аймақ басшысы бұл ырымдардардың мағынасын түсіндіріп берді: “Ала жіппен кескеніміз – ешкімнің ала жібін аттамасын, еліне адал қызмет қылсын деген ниетіміз, ал тоқ ішекпен кескеніміз – елі, халқы тоқ болсын, отанынан ырыс кетпесін дегеніміз”, – деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы тұрғындарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, елге бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі, экономикалық-әлеуметтік өрлеудің жалғаса түсуі үшін атыраулықтарды бір болып еңбек етуге шақырды.

Орталық алаңда өткен театрландырылған концертте сахна төрінен Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедовтер, Қазтуған жырау, Исатай мен Махамбет батырлар, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандар, ел үшін қызмет еткен басқа тарихи тұлғалар тұрғындарды жаңа жылмен құттықтады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер