Показать содержимое по тегу: Қазақ қызы
Жәмила Стехликова 2007-2009 жылдарда Чехияның Адам құқықтары және аз ұлттар жөніндегі министрі болды. Биыл өтетін Чехия парламентінің сайлауында үміткер ретінде тіркелді. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы болатын Чехиядағы президент сайлауында да қазақ қызы жайлы есітіп қалуымыз әбден мүмкін.
Жәмилә Алмасқызының есімі 2007-жылы Еуропада және Қазақстанда жиі атала бастады. Өйткені, сол жылдың 9-қаңтарында Чехия Республикасының Премьер-министрі Мирек Тополанектың Жарлығымен қазақ қызы Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі болып тағайындалды.