Показать содержимое по тегу: Зиян
Адам – сағызды күнұзаққа шайнап жүретін жер бетіндегі жалғыз тіршілік иесі. Ал оны маймылға берсеңіз, 3-4 минут қана шайнайды да, лақтырып тастайды немесе шашына жабыстырып алады. Мұны сіз білуші ма едіңіз?
Компьютер пернетақтасы унитаз жиегіне қарағанда лас екенін британиялық ғалымдар дәлелдеді, деп хабарлайды inform.kz.
Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ғасырдың ең озық жетістігі әрі сырқаты болып саналатын ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде.
Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса сенгісіз оқиғалар кез-келген жанды бей жай қалдырмайтыны анық. Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол интернет. Соның ішінде Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған.
Америкалық бренд саналатын «джинси» шалбарларын кимейтін адам бүгінде кемде-кем. Бұл киімді ер де, әйел де тұтынады. Қыздарға арналған джинсилар тар болғандықтан денені айқындап тұратындығы біреулерге ұнаса, енді біреулерлер азар да безер болады. Сәннен ешқашан қалмайтын тар джинсидың зиянды тұстары көп екенін дәрігерлер ескертіп, дабыл қағып отыр, деп жазады ozgepikir.kz.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, үнемі тар шалбар киіп жүретін адамдардың денсаулығында аурудың бірнеше түрі кездеседі екен. Олардың басы жиі айналып, несеп жолдары ауруларына шалдығады. Вашингтондық дәрігер Карен Бойлдың айтуынша, тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенің қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкеліп соғады. Невритке шалдыққан адамның жамбасында шаншу пайда болып, аяғы жиі ұйып қала беретін болады. Осыған орай дәрігерлер жас қыздардың тар джинсидан көрі жұмсақ матадан тігілген кеңдеу шалбар кигені абзалырақ дейді.
Джинсидің ер кісілердің де денсаулығына тигізер зияны жоқ емес. Тар шалбар олардың белден төмен орналасқан тамырларын қысып, қалыпты жұмыс істеуін тоқтауы мүмкін. Мұның салдары еркектік қабілетуке қатысты түрлі ауруларға соқтырады. Сол себепті ер азаматтардың да еркін шалбар кигендері дұрыс. Дәрігерлердің мұндай зерттеуі мен кеңестері күнделікті өмірде ұмыт қалып жатады. Алайда соның салдары өз денсаулығымызға орасан зиян әкелетінін естен шығармауымыз керек.