Показать содержимое по тегу: ИДМ 2017
Бүгін Астана қаласында ҚР Сыртқы Істер Министрлігі және «Kazakh Invest» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның қолдауымен инвестиция тарту мен сақтап қалу Ұлттық стратегия жобасының және «Kazakh Invest» компаниясының таныстырылымы өтті.
2017 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында «Эталон орталығы» ғимаратындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде ДСҰ-ның Оқыту және техникалық жәрдемдесу жөніндегі институтынан лекторлар шақырылып,«Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық (СТК және СФС) шаралар бойынша ақпарат алмасу арқылы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы» тақырыбында семинар өткізілді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өтті.
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің қатысуымен комитеттің 2016 жылғы және 2017 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындысына арналған брифинг өтті.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі 5,6%, өңдеу өнеркәсібі 6,5% өсті.