Показать содержимое по тегу: Шымкент
22 тамыз — Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, ел тарихында аты алтын әріппен жазылған Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озған күні, деп хабарлайды otyrar.kz.
22 тамыз — Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, ел тарихында аты алтын әріппен жазылған Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озған күні, деп хабарлайды otyrar.kz.
Оңтүстіктің полицейлері «жәбірленушінің» өзі ұйымдастарған адам ұрлау фактісін ашты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Оқиға былай болған. 14 тамыз күні Қаратау полиция бөліміне жергілікті азаматша шағымданып келді. 46 жастағы әйелдің айтуынша, Сайрам ауылында 23 жастағы ұлын белгісіз тұлғалар «ВАЗ» автокөлігіне отырғызып, алып кетіпті.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Қаратау полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлесе жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының екінші тәулігінде жоғалған жігіт Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды.
Сөйтсе, ол жігіт достарының көмегімен өзін-өзі «ұрлаған» болып шықты. Тергеушілерге ұсталған жігіт бұл әрекетін өзінің қарыздарын қайтармау үшін жасағанын айтып берді.
Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 419-бабы (көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облыстық делегациясының Австрияға іскерлік сапары шеңберінде Оңтүстіктің жаңартылмалы энергия көздері саласындағы даму әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды otyrar.kz.