Показать содержимое по тегу: мақтарал
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының әкімі лауазымына Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевты тағайындады, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының диқандары бүгінгі күнге дейін 1723 гектар жерге қарбыз, 3120 гектарға қауын тұқымын егіп үлгерді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қарбыз 1248 гектарға, қауын 1277 гектарға артық. Өйткені биылғы жылы ауа-райы шаруаға қолайлы болып отыр. Алдағы уақытта қауын-қарбыз тұқымын егу жұмыстары жалғасын таппақ. Жалпы көктемгі егістік науқаны аяқталғанға дейін диқандар 26 мың гектар жерге бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Жылда көктемгі егіске ерте бастан қамданатын мақтаралдық шаруалар дәстүр бойынша көктемгі егіс жұмыстарын қызу қарқынмен жүргізуде,-деп жазады silteme.kz AA