XV Еуразиялық Медиа Форумына 60-тан астам мемлекеттен 800 адам қатысатын болды
19.05.2018, 14:28

XV Еуразиялық Медиа Форумына 60-тан астам мемлекеттен 800 адам қатысатын болды

22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтетін XV Еуразиялық Медиа Форумына 60-тан астам мемлекеттен 800 адам қатысатын болды, деп хабарлайды silteme.kz.

Айта кету керек, форум жұмысын ақпараттандыруға отандық бұқаралық ақпарат құралдарынан 200-дей журналист, 100-ден аса шетелдік журналистер тіркелген.

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған авторлық шеберлік сабақтарына 500-ден көп адам қатысуға ниет білдіріп отыр. 

Еуразия медиа форумында 7 авторлық шеберлік сабағы ұйымдастырылып отыр. Олар фейк жаңалықтар, блогсфера, конвергенттік журналистика, ғарыш саласын, қарулы қақтығыстарды ақпараттандыру және тағы да басқа қоғамның бүгінгі өзекті мәселелеріне арналған.

«Еуразиялық медиа форумның биылғы контенті дәстүрлі түрде заманауи өзекті бірқатар мәселелерді талқылайтын болады. Олардың қатарында, ақпараттық технологиялардың қарқынды өсуі, тұрақты дамудың бірден-бір шарты ретінде «жасыл экономика» тұжырымдамасы, тағы басқа көптеген мәселелер көтеріледі. Бұл ретте, мерейтойлық форумның халықаралық аренада еліміздің беделін арттыруға қосқан үлесінің орасан екендігін көрсете алатындығымызға сенімім мол», деп атап өтті Еуразиялық медиа форум бас директоры Руслан Жемков.

Жалпы, медиа форумы 3 күн өтеді. Жиында 7 пленарлық сессия болады. Форум қонақтарын  жаңа пікірталас алаңы,  қызықты тақырыптар, мазмұнды әңгіме, спикерлердің танымал шоғыры күтеді. Бұл жолғы Форум «Эволюцияның 15 жылы: әлем өзгерісі мен бізді өзгертуі». 

Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы ретіндегі Еуразия Медиа Форумының басты миссиясы - сарапшылар, саясаткерлер, экономистер, қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, тіпті бүкіл әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер