Түркияда түсірілген “Таусылмас махаббат” (Kara sevda, Черная любовь) телехикясы Өзбекстан телеарналарында көрсетілмейтін болды. Онда”Махаббат қасіреті” деген атпен 2017 жылғы тамыздан көрсетіле бастаған бұл фильмге радикал мұсылмандар қарсы шыққан. Бұл туралы Азаттық хабарлады.
Қазақстандық телеарналар шетелдік сериалдардың санын 2,5 мың сағатқа қысқартты. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.