Оның сөзінше, бүгінде Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласындағы бірқатар ірі ойын-сауық сауда орындарында тексеру жұмыстары ғана емес, сонымен қатар өрт - тактикалық оқу - жаттығу жүргізіп үлгерген.
«2018 жылдың І тоқсанында кестеге сәйкес халық көп жиналатын нысандарда 5 оқу жаттығу жиыны өткізілді. Оның ішінде «Shymkent Plaza» және «Mega Planet» сауда ойын - сауық орталықтары бар. Ал, өткен жылы осындай 21 іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында базарлар да қамтылды» – деді Нұрғали Жүнісов.
Айта кетейік, ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағында 13679 жеке кәсіпкерлік нысанды есепке алған. Оның ішінде 1793-і Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жыл сайын тексерілетін тәуекел дәрежесі жоғары топтағы объектілер қатарына кіреді.