Ислам

Показать содержимое по тегу: Ислам

Әлеуметтік желілерде тартысты үндеулерімен танылған Ташкент қаласындағы «Тыныштық» мешітінің имам-хатыбы Шермұрат Тоғай «ДАИШ», «Хизб-ут Тахрир» террористік ұйымдары идеясын жақтаушы азаматтарға өлім жазасын қолдануға шақырды, деп хабарлайды kazislam.kz порталына сілтеме жасаған silteme.kz.

Опубликовано в Дін

Үш аптаға жуық уақыт аралығында ғана 9-қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетін кәсіпқой бокс кеші билеттерінің басым бөлігі сатылды. Осы күнге дейін ешкімнен жеңілмеген Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жекті көру үшін 11 000 адам келеді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Біз бәсеке өтетін жерді тыңғылықты іздестірдік. Ақыры «Сарыарқа» республикалық велотрегіне тоқталдық. Бұл – спорттық кешендер арасындағы әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналатын теңдессіз нысан. Астаналық «Сарыарқа» велотрегі  9 195 көрерменді сыйдыра алады. Сондай-ақ, рингтің маңында 1 500 VIP орындар орналастырылады.  Қазіргі кезде барлығы 8 000-нан аса билет сатылды», – дейді Qazaq Promotions компаниясының директоры Қайрат Жайлаубаев.

Сондай-ақ, ол ресми түрде шақырылған қонақтар арасында тек көрнекті мемлекет, спорт және қоғам қайраткерлері ғана емес, БЖСМ мен спорт-интернаттың өкілдері де бар. 

«Алдағы бокс кеші астанамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке болмақ. Белгілі кәсіпкер және меценат Бауыржан Оспанов жеке өзі жас жеткіншектер осы кештен керемет әсер алып, шаттыққа бөленсін деген ниетпен БЖСМ өкілдерін қажетті билеттермен қамтымасыз ету жөнінде тапсырма берді», – дейді Qazaq Promotions компаниясының директоры.

 

Естеріңізге сала кетейік, Билеттерді Zakazbiletov.kz және BiletiAstana.kz сайты немесе Астана қаласындағы мына кассалардан алуға болады:

1. «Керуен» ССО , Достық көшесі, 9, +7 778 544 27 62

2. Мечта СО, Республика даң., 45, +7 778 544 27 63

3. «BiletiAstana.kz» кеңсесі, Жеңіс даң., 34, +7 778 347 88 01

4. «Астана Арена» СК, Туран даң., 54, + 7 778 347 88 01

Кәсіпқой бокс кешінің басты серіктестері: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры, Астана қ. әкімшілігі, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы, «QAZAQ Promoutions», «Nelson Promoutions » және «Raynelo management» промоутерлік компаниялары, «BI Group», «Базис А» және «Mabetex Group» құрылыс компаниялары, «Qazaqstan» мен «Qazsport»  телеарналары, сондай-ақ «NUR.KZ» ақпараттық порталы.

Опубликовано в Спорт
  1. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруға байланысты ата-аналар мен оқу орындары басшылары арасында туындаған әртүрлі пікірлер мен сауалдарға қатысты өзінің мәлімдемесін жолдайды.

Ибалы, инабатты, білімді ұл мен қыз өсіріп, отаншыл, патриот жастарды тәрбиелеу – әрбір ата-ана мен педагогтың басты мақсаты, ұлы миссиясы екені белгілі.

Қазақстандағы білім беру жүйесі тек қана оқытуды ғана емес, сондай-ақ тұлғаның барлық сұраныстарын толық жүзеге асыру үшін жағдайларды жасауға, оларды өнерге, спортқа, зияткерлік дамуға  тартуға бағытталғанын оқушылардың ата-аналары сезінулері керек. 

Ислам діні күллі адамзат баласын білім үйренуге үндейді.

Біріншіден, ер кісі мен әйелге білім алу – парыз (міндет). Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисте: «Әрбір мұсылманға білім алу парыз» деген. Ал балаға зайырлы білімді үйрету – әрбір адамның азаматтық әрі мұсылмандық борышы. Зайырлы мемлекетіміз ұл-қыздарымыздың орта білім алуын міндеттейді әрі осы бағытта барлық мүмкіндіктер мен жағдайларды қамтамасыз етеді. Ата-аналарға қыз баланың міндетті зайырлы білім алуына көбірек көңіл бөлуге кеңес береміз. Сапалы білім – бала болашағының баянды болуына үлкен септігін тигізетінін ұмытпауымыз тиіс. 

Екіншіден, Құран және Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисі мен мұсылман ғұламаларының бірегей пікірі бойынша, балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз (міндет).

Ал балиғат жасына толмаған қыздың орамал тағуын шариғатымыз талап етпейді. Сондықтан ата-ана кішкентай бүлдіршінді әлі міндет болмаған орамал үшін парыз болған білім алудан тыймауы тиіс.

Нақты айтқанда  шариғат талаптарына сәйкес Ислам діні мектеп табалдырығын жаңа аттаған балиғат жасқа толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді.

Үшіншіден, Ата Заңымыз және басқа да заңдар қоғамдық қатынастарды реттейді және азаматтардың бостандығы мен діни сенімдеріне еркіндік береді. Мұсылмандар да Алланың әмірі бойынша заңды сақтайды және оған құрметпен қарайды. Өйткені, зайырлы қоғамдағы заңдар мен ережелер – барша адамның тең құқығын басты орынға қоятын кепілдік құжат және азаматтардың өмір сүру тәртібін көрсететін бағдар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман жамағатын, ата-аналарды бірлікке үндейді және мектеп басшыларымен ортақ мәмілеге келуге шақырады.

Діни басқарма Алла Тағаладан елімізді түрлі бүліктен сақтап, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, берекесін арттыруды тілейді.     

Опубликовано в Руханият

Ислам діні десе өзге дін өкілдерінің көзіне бастан-аяқ тұмшаланып, үйінен басқа жаққа аттап баспайтын әйелдер елестейді. Ал шындығында, мұсылман әйелдерге шариғат бойынша оқуға және жұмыс жасауға тыйым салынбаған  деп жазады islam.kz.

Опубликовано в Нетократия

Австралияда «балаларымызға Құран оқытты» деп шағым түсірген ата-аналардың дау-дамайынан кейін католик мектебінің тарих пен географиядан сабақ беретін мұғалімінің үстінен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жайында "Лайф" ақпарат көзі «Daily Mail» басылымына сілтеме жасай отырып islam.kz хабар таратты.

Опубликовано в Дін
Страница 2 из 4

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер