"Құрметті журналист қауым жəне мына күллі интернет фейсбук, вацапқа жазғыштарға айтарым бар: "Болар елдің баласы бірін-бірі батыр" дейді. Қазақ айтқан осы ғибратты сөзді бəріңіз білесіздер. Егемендігімізге 30 жылға жуықтады. Өсек-аяң, майда сөз тиылар емес. Атақты адамдарға "жақтым күйе, жаптым жала" дегенді көбейтіп барасыздар. Ол кісілерге сол атақ-даңқ оңайлықпен келген жоқ. Қанша еңбекпен, маңдайдың адал терімен! Халықтың жүрегінен орын алған сүйікті кейіпкерлерді жаманатты көрсеткенде сіздерге біреу шен-шекпен бере ме? Шен-шекпен бермек түгіл үй сыртындағы кісілер күлкі-мазақ қылады. Тұңғышбайды қойып, енді Мақпалды, Мейрамбекті қазбалай бастадыңдар. Іздей берсе кемшілік əр кісіден табылады. Алланың өзі адамдарға бір-біріңнің айыбыңды жасыр" деген. Себебі Алла пенделерін кемшілікпен жаратып сынаққа жіберген. Қазақта да қараланбаған адам қалсыншы. Жерден жеті қоян тапқандай ел көңіліне орныққан аяулы ұл-қыздарға күйелі ағаштарыңды ала жүгіргенді қойсаңдар екен. Сіздерге аналық өтінішім осы!" деп өтінген ақын.