«Оқулық» РҒПО жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып Елдос Болатханұлы Нұрланов тағайындалды.
Ғ.Бейсембаев Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті болды
Журналист Мақпал Мейірбекқызының сайлауға арналған саяси-сқақ клипі
Елде жүріп жатқан сайлау науқанына орайластырылып, журналист Мақпал Мейірбекқызының идеясы негізінде түсірілген саяси-сқақ видеоклип.
Оқулық – оқушыны уыздандыратын құнды құрал – Ғ.Бейсембаев
Жуырда «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Бас редакторлар клубы арасында меморандумға қол қойылды. Құжат оқулық сапасын жақсартуға бұқаралық ақпарат құралдарының да атсалысуын көздейді. Жалпы, оқулық жазу, оны баспадан шығару қай кезде де, қай елде де өзекті. Кез келген бала үшін білім бастауы – «Әліппе». Алайда «Әліппесіз» әріп таныған бір буын өсіп жатыр қазір. Бұл – ұрпақтың жан жарасы, қоғамның үлкен қателігі. Дегенмен, келер жылдан бастап жоғалтқанымыздың орнын қайтадан толтыруымыз мүмкін? «Әліппе» мен «Ана тілі» қайтадан мектеп бағдарламасына еніп, оқушыға оралатын болды. Бұл туралы осы орталықтың басшысы бізге берген сұхбатында жан-жақты айтып берді.
«Оқулық» РҒПО және Бас редакторлар клубы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев пен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне Бас редакторлар клубының түгелге жуық мүшелері қатысып, өзара пікіралмасу онлайн режимінде өтті.