Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды
26.02.2018, 10:29

Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды

Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды mediananny.com

Берлинде өткен кинофестивальде отандық режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Профиль» атты фильмі көрермендер көзайымы номинациясында сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық режиссердің “Профиль” фильміне британдық журналистің бастан кешкен оқиғалары арқау болған. Фильмде журналистер лаңкес топтардың жас қыздарды Таяу Шығысқа келуге көндіру үшін қандай әрекетке баратынын, оларды қалай арбайтынын әлеуметтік желілердің көмегімен зерттеуге тырысады. Дәл осы себепті фильм экран форматында түсірілген.

Айта кетсек, Берлиндегі кинофестивальдің басты жүлделеріне 19 фильм таласып жатыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер