Басып шығару нұсқасы
09.12.2017, 22:47

Илья Ильин жеті айдан кейін жарысқа қатыса алады

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин жеті ай өткенен кейін жарысқа қатыса алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық Илья Ильинді екі жылға спорттан шеттеткен еді. Ол 2016 жылдың 10 маусымы болатын. Сол себепті енді жеті ай өткеннен кейін спортшы жарыстарға қатыса алады.

Айта кетейік, Илья Ильин 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетуі мүмкін.