Басып шығару нұсқасы
10.04.2018, 18:03

ФОТО: Футбол клубы жануарды азаптаған екі футболшымен қош айтысты

Венесуэланың "Сулия" клубы жартылай қорғаушы Давид Баррето жəне қорғаушы Эдуин Кероны клубтан шығарып тастады.

Екі футболшы мысыққа қатігездік көрсеткен бейнежазбасын əлеуметтік желіге салған. Олар мысықтың аяғы мен құйрығын аямай созғылап, сосын биік терезеден лақтырып жіберген. Клубтың басшылығы спортшылармен жасалған келісім-шартты бұзып, оларға психологқа баруға кеңес берді.

Жартылай қорғаушы Давид Баррето мысықты қинап,  ал Эдуин Керо оның қылығын видеоға түсірген. Салынған видеожазба біраз уақыттан соң алынып тасталған. Венесуэланың жоғары дивизионында ойнап жүрген "Сулия" клубы екі спортшыны құрамадан шығарып тастады. Клуб басшылығы жұрт алдында спортшылардың іс-əрекеттерін айыптап, ресми мəлімдеме жасады.    

Дереккөз: ktk.kz 

Ұқсас сілтемелер