Басып шығару нұсқасы
28.06.2017, 00:01

ЭКСПО-дағы жаңалық: Елбасы есімі Астана әуежайына берілді

Жақсы хабарды барша қазақстан­дық­тың қуана қа­был­дайтыны анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың есі­мі Астанадағы халықаралық әуежайға берілді. Елбасы – Тұңғыш Президентіміздің елімізді құрудағы еңбегі осылайша атап өтілді. Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев egemen.kz порталына елорда әуежайына Елбасы есімінің берілуіне орай берген пікірінде осылай деді.

"Елордамызда күні кеше Астана эко­номикалық форумы, Дүние жүзі қазақтарының V құрылтайы, Еура­зиялық медиа-форум өтті, ЭКСПО-­2017 халық­аралық көрмесі, бас­­қа да халық­ара­лық шаралар ұйым­дас­тырылған Аста­на шын мәнінде ха­лық­аралық және жа­һан­дық мәселелер тал­қыланатын ор­та­лыққа айналды. Жақсы хабарды барша қазақстан­дық­тың қуана қа­был­дайтыны анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың есі­мі Астанадағы халықаралық әуежайға берілді. Елбасы – Тұңғыш Президентіміздің елімізді құрудағы еңбегі осылайша атап өтілді. Елбасының мемлекет құрудағы ерен еңбегін, ядролық қа­руды таратпау және бүкіл әлемде бейбітшілік саясатын ілге­рі­лету жөніндегі саясатын халықаралық қоғамдастық жақсы бі­леді. Сондықтан елорданың басты әуе қақпасының елімізді, мемлекетімізді құрған Тұңғыш Президенттің атымен аталуы Елбасының зор еңбегін, қажыр-қайратын, күш-жігерін елеп-ескерудің бір көрінісі деп білемін. Халқымыз қашанда ел бастаған ел басшысының, қол бастаған қолбасшының есімін қастерлейді, құрмет тұтады. Сондықтан, халықаралық әуежайға Елбасы есімінің берілуімен қазақстандықтарды құттықтаймын!" деген депутат.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

 

2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі

Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.  Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұқсас сілтемелер