Басып шығару нұсқасы
22.08.2016, 11:20

Қазақстан Украинаға уран өндіру және өңдеу үшін мобильді кешендер ұсынды

Қазақстан Украинаға уран өндіру және өңдеу үшін мобильді кешендер ұсынды dalanews.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен кездесті, деп хабарлайды pm.kz.

Кездесуде, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясында мәлімдегендей, тараптар атом саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Нақты айтқанда, Украинадағы уран кен орындарын игеру мәселесі сөз болды. Қазақстан жағы украиналық әріптестеріне уран өндіру және оны өңдеуге арнап отандық Жоғары технологиялар институты әзірлеген мобильді кешендерді пайдалануды ұсынды. Ықшам және күрделі құрылыс салуды қажет етпейтін бұл кешендердің артықшылығы әсіресе, уран қоры шағын учаскелердегі жұмыстар үшін аса маңызды.

«Біз инжинирингті жеткізуден бастап толық аяқталған мобильді кешендерді табыстауға дейінгі кез келген қызмет түрін көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті А. Жұмағалиев.

Кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстанға ион алмастырушы шайырлар жеткізу, украиналық АЭС-ларының қажетін қанағаттандыру үшін жылу бөлгіш құрамалар шығару және т.б. мәселелер көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар айтылған мәселелердің барлығын бірлескен жұмыс тобы аясында егжей-тегжейлі қарап шығуға келісті.

Ұқсас сілтемелер