Басып шығару нұсқасы
14.06.2023, 12:20

Маңғыстаулық депутаттар ұсыныстарын білдірді

А.ж. 13 маусымда Маңғыстау облыстық мәслихаты залында «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев  Жаңаөзен қаласының мəслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

Кездесуге мəслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың тұрақты төрағалары Пания Сармурзина жəне Аллаберген Қонарбаев қатысты.

Жиында Төлеубек Төлеуұлы жұмыс жоспары мен бастамаларын баяндады.

Ол Маңғыстаудан алған əсерлерімен бөлісе келе, «Жергілікті депутаттардың белсенділігі көңіл қуантады. Кешегі қоғамдық тыңдауда да өткір сауалдарын жиі қоюы ашық азаматтық қоғам мен іскерліктің нақты көріністері» деп атап өтті.

Сондай-ақ РҚБ төрағасы алдағы уақытта жүйелі жұмыстарды көргісі келетінін де жасырмады.

Жиын барысында Жаңаөзендік депутаттар Алматы облысындағы əріптестерімен алдағы уақытта əріптестік бағытта тəжірибе алмасу керектігін қаперге беріп,  өздерінің ұсыныстарын ортаға салды.

Іс-шара соңында Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев: «Келер жылы Қазақстандағы мəслихатқа 30 жыл толады. Ел үшін жұмыс жасап жүрген депутаттардың ерен еңбегін шынайы ұмытпауымыз керекпіз. Ұшан теңіз қызметтер ескерусіз қалмаған жөн» деді.

Ұқсас сілтемелер