Басып шығару нұсқасы
16.12.2017, 12:37

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол ҚР Тəуелсіздік күніне орай үш тілде лебіз білдірді, деп хабарлайды egemen.kz. Ол қазақстандықтарға арнайы видео жолдау жасаған.

«Егемендік алғаннан бері салыстырмалы аз уақыт ішінде сіздер күшті, тұрақты жəне гүлденген мемлекетке алдыңыздар. Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен көптеген салаларда серіктес болғанын мақтан тұтады. Қазақстанның аймақтағы жəне әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы атқаратын маңызды рөлін бағалаймыз. Жеке басым Қазақстанды, оның халқын кең байтақ жерлері сияқты үлкен жүректері мен асқақ армандары үшін құрметтейтін. Əсем қала Астананың, думан қала Алматының, Қазақстанның əр облысы мен ауыл тұрғындарына бейбіт өмір, зор денсаулық, береке тілеймін», - деген Джон Крол.

Айта кетейік, биыл АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толды.

https://www.facebook.com/usembassy.astana/videos/10156518939905348/

Ұқсас сілтемелер