Басып шығару нұсқасы
27.08.2016, 11:36

Сириядағы Дарайя қаласында бекінген жасақтар мен олардың туыстары шаһардан кете бастады.

Сириядағы Дарайя қаласында бекінген жасақтар мен олардың туыстары шаһардан кете бастады, деп хабарлайды 24.kz

Бейсенбі күні үкіметтік әскер басшылығы мен көтерілісшілер эвакуация жөнінде келісімге жеткен еді. Қала тұрғындарын автобустармен, жүк көліктерімен көшіріп жатыр. 2012 жылдан бері үкіметтік әскердің қоршауында болған қалада 8 мыңдай адам қалған. Олардың арасында бір мыңы қарулы жасақшылар. Сирия өкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, ауыр қаруын тапсырған жасақшыларды оппозиция қарамағындағы Идлиб провинциясына жеткізеді. Ал бейбіт тұрғындар ел астанасы Дамасктағы уақытша баспаналарға орналастырылады.

Ұқсас сілтемелер