Басып шығару нұсқасы
02.02.2016, 00:51

Д.Назарбаева үштілді білім жайында: Дүрбелең жасауға ешқандай негіз жоқ

Мектептегі білім берудің бірыңғай жаңартылған стандарты енгізілуде. Ол әлемдегі ең үзідк әдістемелер бойынша дайындалып, ойлау мен функционалды сауаттылықты дамытуға және баланың өз әлеуетін ашуға бағытталған. Бұл туралы таяуда өткен ұстаздардың Тамыз кеңесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгін бәріміздің, педагогтар қауымдастығы мен бүкіл қоғам алдында мінсіз мектеп моделін дайындау міндеті тұр. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалуда...», - деді вице-премьер.

Сондай-ақ ол мінсіз мектеп моделін дайындауға қазірдің өзінде мұғалімдер белсенділік танытып жатқанын атап өтті.

«Бес мыңнан астам ұстаз өздері тілек білдіріп, 4-9 айлық тілдер курсына жазылған. Бұл кезде олардың жұмыс орны мен еңбек ақысы сақталады. Біздің жоғары оқу орындарында ағылшын тіліндегі оқу бағдарламалары белсенді еңгізіліп келеді. Ұстаздардың дайындық деңгейін біз 2018 жылы бағалаймыз. Және сараптама нәтижесін Елбасына баяндаймыз. Сондықтан дүрбелең жасауға ешқандай негіз жоқ», - деді Д.Назарбаева.