Басып шығару нұсқасы
05.10.2016, 15:04

Ұлттық музей 1 миллион теңге жүлде тікті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қазақ тарихындағы маңызды оқиғалар бейнеленген заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды, деп хабарлайды baq.kz.

 Байқауға кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін, инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындылары қабылданады.

Шараның мақсаты – еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар мен тарихи тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстан халқының тарихи оқиғаларға деген көзқарасын қалыптастыру.

Байқау 2016 жылғы 16 желтоқсанда қорытындыланады. Аталған шара қорытындысы бойынша кескіндеме, графика, мүсін, инсталляция аталымдары бойынша лауреаттар анықталып, арнайы жүлделер тағайындалады. Толығырақ ақпаратты www.nationalmuseum.kz сайтынан ала аласыздар.