Басып шығару нұсқасы
09.04.2018, 23:37

Отан да отбасынан басталады - Елеусіз Айнұр

Отан да отбасынан басталады

Асқар тау әкең болса жанға тірек,
Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп.
Қайғы кеп қабырғаңа соқтығысса,
Жанұяң - демеу болар үлкен жүрек.

Әжең сені қасына ап, күлімдейді,
Анаң келіп қуанып, күнім дейді.
Қандай да бір жағдайға ұшырасаң,
Оларда қиналған соң, уайым жейді.

Әке-шеше бүлдіршіннің қосқанаты,
Сол қанатта өсуде жастар әлі.
Жанұя құдіреттінің құдіреттісі,
Отанда осы жерден басталады!!!

(Елеусіз Айнұр)

Ұқсас сілтемелер