Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін Қуандық Бішімбаевтың ісі бойынша ең соңғы сот отырысы өтті. Сот заңсыз алынған мүлікті тәркілеумен бірге, қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіз мекемесінде өтеумен 10 жылға кесілді. Сонымен бірге, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.