Басып шығару нұсқасы
16.01.2018, 21:12

Астанадағы «Еуразия» СОСО ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласының мемлекеттік органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК департаменттерімен бірлесіп  2018 жылдың 17 қаңтарда сағат 11.00-17.00-ге дейін «Еуразия» СОСО ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтеді, деп хабарлайды silteme.kz.

Шараның басты мақсаты Астана қаласының тұрғындары арасында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электрондық түрде алуы бойынша кеңес беру, сонымен қатар, әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Жәрмеңкеде жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынатын мемлекеттік органдар қатысады.

Сұрақтар келесі телефон нөмірі арқылы қабылданады: 8 (7172)57- 19- 94

Ұқсас сілтемелер