Басып шығару нұсқасы
04.12.2017, 09:27

Бала асырап алу үшін қандай құжаттар керек?

Бала асырап алу — адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Егер сіз бала асырап алуға бел бусаңыз, алдыңызда 11 тармақтан тұратын қажетті құжаттардың тізімі бар.

Бірінші, бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш;

Екінші, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш;

Үшінші, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Төртінші, бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі;

Бесінші, достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат;

Бала асырап алу — адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Әдетте, бұл процесс бала асырап алу,  қамқорлық пен патронаттық бойынша қажетті ақпарат жинаудан, заңнамамен танысудан, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық ықтимал нысандары бойынша түсініктемелерден басталады.

Алтыншы, жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар;

Жетінші, отбасы жағдайы туралы анықтамалар;

Сегізінші, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

Тоғызыншы, сотталмағаны туралы анықтама;

Оныншы, тұрғын үйінің бар-жақтығын растайтын құжат;

Он бірінші, бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелген жер бойынша органның бала асырап алушы болу мүмкіндігі туралы берген қорытындысы.

Міне, осыларды жіпке тізіп, жинай алсаңыз, бір жетім баланы қамқорлығыңызға алу мүмкіндігіңіз арта түседі. Дегенмен, осындай маңызды қадамға бармас бұрын алдын ала асырап алушы бола алатын тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келесіз бе, оны да тексеріп алған жөн. 

© silteme.kz

Ұқсас сілтемелер