Басып шығару нұсқасы
30.12.2017, 09:55

Шыршаны безендіру дәстүрі қайдан шықты?

Сәбина Зәкіржанқызы Сәбина Зәкіржанқызы Фото: widefon.com

Бұл сауалға aikyn.kz жауап берген, деп хабарлайды silteme.kz.

Ақпарат көзінің дерегінше, жерді мекендеген көптеген тайпалардың түсінігінде ағаш киелі саналатын. Мысалы, ежел­гі римдіктер Сатурн құдайының құрметіне мереке жасап, сол күні үйлерін жасыл жапырақ­тар­мен безендіретін болған. Мұн­да жасыл жапырақ - мәң­гілік өмірдің символы ретінде қарастырылған. Римдіктердің өз батырларын 300-400 жыл өмір сүретін лавр жапырағымен марапаттауы да осы сеніммен ты­ғыз байланысты.

Ежелгі Мыс­ыр тұрғындары болса, жел­тоқсанның ең қысқа күнінде ұлан-асыр той жасайтын бол­ған. Осы күні әрбір мысыр­лық­тың үйінде пальма бұтақтарының тұруы міндетті саналатын. Олар оған өмірдің өлімді жеңуінің нышаны деп қараған.

Рейн мен Дунай өзенінің аралығын ме­кен­деген ежелгі кельт тайпа­ла­рының абыздары емен ағаш­та­рын кие тұтып, оған алма ілетін болған. Бұл дәстүр Еуропада нақтырақ айтсақ, Германия мен Скандинавия түбегін мекен­дей­тін елдерде мұрты бұзылмастан сақталған. Кейін келе қарапайым ағаштар қыстыгүні жалаңаш қалатындықтан, шыршаны пай­даланатын болған. Бұл мемлекет­терде шырша безендіру XVII ға­сырдан бастап, тұрақты дәс­түрге айналды. Көптеген тарихи деректерде шырша безендірудің түп-төркіні неміс халықтарынан шыққандығы айтылады. Алғаш шырша да ХVI ғасырда Гер­манияның Эльзас қаласында бе­зендірілген екен. 

Ал кейбір жазбаларда шыр­ша қолданысқа енбес бұрын Еу­ро­па халықтары өз мере­ке­лерінде пирамида пішіндес ағаш­тан жасалған құрылғыларды пай­даланғандығы жазылған. Олар бұл құрылғының сөре­ле­ріне тәтті-дәмділер мен сый­лық­тар қоятын болған. Ал кейбір ел­дерде шие ағашы - Жаңа жыл сәні болған.

Жалпы, шырша туралы дерек XVI ғасыр жазба­ла­рында кездеседі. Онда не­містің Страсбург қалашығының бай-кедейлері бірдей қыс ке­зінде шыршаны әртүрлі қа­ғаз­дармен, тәттілермен безен­діретіндігі айтылады. Бұл дәстүр кейін келе бүкіл Еуропа ау­мағына тараған. Ал Америка құр­лығына жаңажылдық шыр­ша жер аударылған еуро­па­лық­тар арқылы жеткен.

Ұқсас сілтемелер