Бокспен көптеген атақты адамдар айналысқанын айта кету керек. Мысалы, Александр Сергеевич Пушкин Англиядан осы жекпе-жек түрі туралы журнал жаздырып алып отырған Ресей Империясындағы жалғыз адам болған! Және өзінің үйренген кейбір бокс элементтерін достарына көрсетіп отырған. Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Хэмингуэй де боксты жақсы көріпті. Жазушы өз поместьесінде жабдықталған бокс рингінде қонақтарымен анда-санда қолғап түйістіреді екен.
Тағы бір ұлы жазушы сэр Артур Конан Дойл да бокс жанкүйері болған. Оның ең атақты кейіпкері Шерлок Холмс тың осы спорттың жанкүйері болғанын және жақсы қолғап түйістіре алғанын бәріміз білеміз. Бұл жазушының өз кейіпкеріне «тарту еткен» өз қабілеті болса керек?!
Оған қоса, көне ғасырдың да ойшылдары қолғап түйістіруді жақсы көрген деген мәліметтер бар. Мысалы, математика және философ Пифагор б.д.д. 588 жылы өткен Олимпиадалық ойындарына бокстан қатысып, жеңімпаз атанған екен. Оның әріптесі Платон да Олимпиадада жеңіске жеткен, бірақ таза «бокс» бойынша емес, көше шайқасы мен күрестің аралас түрімен (панкратион) айналысқан.
Шынайы фильмдегі фильмдегі шынайы бокс
Бокс туралы атақты «Рокки» фильмінің төртінші бөлімін түсіру кезінде сценарист, режиссер және басты ролді ойнаушы Сильвестр Сталлоне шынайылыққа қол жеткізгісі келіпті. Осы мақсатта ол актерлар шынымен төбелескен баяғының қара-ақ түсті фильміндегідей кино түсіру туралы шешім қабылдайды.
Бірақ, Слай түсіру алаңында оның қарсыласын, кеңес боксшысы Иван Драгоны ойнаған Дольф Лундгрен екенін ескермесе керек. Түрлі жекпе-жек өнерін зерттеген Дольф «шынымен төбелесу» туралы Слайдың өтінішіне алғашында көнбейді. Бірақ режиссер Сталлоне дегенінен қайтпайды.
Нәтижесінде, Дольфтың есеңгіретер соққыларының бірінен кейін Сталлон – актер ауруханаға жеткізіледі. Түсірілім тоқтатылып, Сильвестр бір апта бойы ауруханада жатып шығады. Өкінішке орай, Сталлоне шынайылыққа ұмтылған бұл фильм көп сынға ұшырады, «ең нашар режиссер» аталымында «Золотая малина» сыйлығын алды.
© confederation.kz