Показать содержимое по тегу: қылықты қыз
«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ислам дәуірі келгенге дейін арабтарда ананың құрсағына шарана бітсе, дүниеге келетін ұл ма әлде қыз ба? деген көкейлерінде сұрақ болған. Себебі қыз дүниеге келсе, ол біздің тегімізге ұят әкеледі деп оларды тірідей көметін еді. Ал Исламның келуімен, Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)хадисінде айтады: «Жәннәт аналардың аяғының астында», – дейді.