Алкоголь зияны
27.11.2019ж.

Алкоголь зияны

Алкоголь адам ағзасын уландырады. Ол зат алмасуын бұзады, ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын төмендетеді, іс жүзінде барлық мүшелерді, әсіресе бауыр, ми, жүрек, бүйрек, ішкі секреция бездерін соның ішінде жыныстық мүшені зақымдайды. Адамның уақытынан бұрын қартаюына да бірден-бір себепшісі. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және  балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі. Жарнама бізге таңдауға 3 жолды: «мәдениетті» ішуді, араққа салынып кетіп алкоголик болуды немесе сау өмір сүруді ұсынады. Көбі «мәдениетті» іше бастайды, алайда алкогольдік тәуелділікке дейін байқамай... өз тағдырын күн сайын бұза отырып, араққа салынады.

Тұтынылатын алкоголь мөлшері мен денсаулық жағдайы: алкогольдік сусындарды тұтыну ұлғайғанда және денсаулыққа зиян келтірілгенде тікелей тәуелділікте болады. Алкогольді тұтынудың қауіпсіз шегі болмайды, өйткені азғантай дозаның өзі денсаулық жағдайында күрделі ауытқуларға әкеп соқтыруы мүмкін. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) анықтауы бойынша таза спиртке қайта есептегенде

Алкогольдің бір дозасы:

  • бөтелке күштілігі орташа (330 мл) сыраға
  • бокал (120 мл) жеңіл шарапқа
  • рюмка (80 мл) күшті шарапқа
  • мейрамханалық үлес (40 мл) күшті спирт сусынына сәйкес келеді

Мысалы:

-күштілігі орташа 0,5л саптыаяқ сыра 1,5 дозаға

-0,5л саптыаяқ күшті сыра 2 дозаға

-0,75 л бөтелке (12%) жеңіл шарап 6 дозаға

-0,5 л бөтелке күшті алкогольдік сусын 13 дозаға (коньяк, арақ, ром, ликер)

Егер Сіз апта бойына алкогольдік сусынның кем дегенде 6 дозасын қабылдасаңыз, ойланарлық жағдай және оны қабылдауды азайтыңыз немесе тұтынуды толығымен тоқтатыңыз. Егер уақытылы тоқтасаңыз, алкогольді қабылдаумен келтірілген зиянды және проблемаларды әдетте азайтуға немесе толығымен жөндеуге болады. Сізбен ішілетін алкогольдің мөлшерін Сіз өз бетіңізше азайта аласыз немесе оны тұтынуды толығымен тоқтата аласыз.

Сіз маманға көмекке жүгінуге, дәрігермен кеңесуге және алкогольдің Сізге және Сіздің денсаулығыңызға қалай әсер ететіндігі жөнінде түсініктеме алуға құқылысыз. Сізге алкогольдік сусындарды азайтуға немесе тоқтатуға көмектеседі.

Сіздің өміріңіз қаншалықты сау өмір салтына орай өзгеретіні туралы ойланып көріңіз:

  • үнемделген ақша және материалдық әлауқат
  • сақталған тамаша денсаулық және ұзақ белсенді өмір
  • бақытты тату отбасы, жақындарыңыздың махаббаты және достарыңыздың сыйластығы
  • сәтті карьера және жетістікті марапат
  • тағдырға теріс әсер ететін көптеген кемшіліктерден және проблемалардан құтылу мүмкіндігі.

 

Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер